Облыста су тасқыны кезінде баспаналарынан уақытша көшірілген азаматтардың бір бөлігі Ескендір Дауытов атындағы қызмет көрсету саласы колледжінің студенттеріне арналған жатақханада тұрып жатыр. Оларға университет студенттері концерт ұйымдастырып, психологтар кеңес беруде, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Қазір уақытша тұраққа айналған жатақханада 200-ден астам адам тұрып жатыр. Қауіпсіз жерге көшірілгендердің қатарында 40-қа жуық бала бар.
Төтенше жағдайға байланысты, әсіресе балаларарнайы мамандардың көмегіне мұқтаж көрінеді. Сондықтан жергілікті университеттің психологиялыққызметі мен студенттері қайырымдылық концертін ұйымдастырды. Осылайша олар балалардың көңілінаулап, күйзелісті сәл де болсын жеңілдетпек ниетте.
«Ең басты мақсат: эмоцияналды күйді тұрақтандыру. Біз университетттің психология қызметінің ең бастымақсаты осы. Сондықтан біз зардап шеккендерге көмек көрсетуді жөн санадық», — дейді М.Қозыбаев атындағы СҚУ психологиялық қызмет маманы Кәмилә Жамұқанова.
Қайырымдылық концертке 30 студент-волонтер ат салысты. Бірі ән айтса, енді бірі мультфильм кейіпкерлерінің костюмында келді.
Еске сала кетейік, төтенше жағдайға байланыстыөңірде 24 психолог-маман тұрғындармен тығыз жұмыс істеп жатыр. Және Петропавлдағы психикалық денсаулық орталықтарында арнайы 30 орындайындалған. Өңірде су тасқыны басталғалы 500-ге жуық адам психологтардың көмегіне жүгінген.
Тағы оқыңыз:Биыл СҚО-да 40 млн-ға жуық ағаш отырғызылады