Тасқыннан зардап шеккен аймақтардағы балалар жазғы демалыспен қамтылады

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен ауыл мектептерінің оқушылары жазғы демалысын Петропавлда өткізеді. Балалар үшін тарихи ескерткіштер мен мұражайларға танымдық саяхаттар ұйымдастырылады. Сондай-ақ олар шаһардың көрікті жерлерін аралайды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңестерде облыс әкімдерінің орынбасарлары баяндады.Биыл Қазақстанда  3 млн-нан аса баланы белсенді жазғы демалыспен қамту жоспарланған. Оқушылар үшін 10 мыңнан аса лагерь қызмет көрсетпек.

Бастауыш сынып оқушыларының жан-жақты дамуы үшін мектеп жанындағы лагерьлер жұмыс істемек. Одан бөлек, әр түрлі танымдық шаралар қарастырылып отыр.Жоғары сынып оқушылары үшін колледж бен жоғары оқу орындары базасында мамандандыру бағытындағы бірқатар шаралар жүзеге асырылады.Оқу-ағарту министрлігінің дерегінше, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың 94%-ы қамтылатын болады.

Су тасқыны салдарынан зардап шеккен аймақтардың балалары ерекше назарда болады. Тасқын басталған кезден бастап 614 бала оқу-сауықтыру орталықтарында болған. Қазіргі таңда ол нысандарда 629 бала демалып жатыр. Жазғы демалыс кезінде 3 833 баланы демалыс және сауықтыру шараларымен қамту жоспарланған.

«Оқу-ағарту министрлігі аймақтардағы оң тәжірибелердің кеңінен таралуын қолға алуы тиіс. Шараларды ұйымдастыру кезінде балалардың қауіпсіздігіне баса мән берілгені жөн. Бүгінде демалыс, сауықтыру орындарын тексеру және қабылдау кестесі бекітілген. Оның сақталуын мүдделі мемлекеттік органдар мен өңір әкімдіктері тұрақты бақылауда ұстауы қажет», — деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

Тағы оқыңыз:«Үйім тұруға жарамсыз»: Тасқын судан зардап шеккен ауыл тұрғыны мәселенің тезірек шешілгенін қалайды

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x