Әлемдегі әйгілі клубтардың бірі «Реал Мадрид» ФК бүгін түнде Қазақстанға ұшып келді. Испаниялық ұжым ертең жергілікті «Қайрат» командасымен ойнайды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Мбаппе, Беллингем, Куртуа. «Реал Мадрид» футбол клубы Қазақстанға негізгі құраммен келді. Бұл күнді отандастарымыз көп күткені анық. Себебі, бұған дейін барлығы испаниялық үшін «Қайратпен» ойынға екінші, үшінші құрамын әкеледі деп ойлады.
Қазақстандықтар қонақтарды сән-салтанатпен қарсы алды. «Реал Мадрид» отандастарымыздың қонақжайлылығына тәнті болды. Әлемге әйгілі футболшыларды күткен фанаттар қолтаңба да алып жатты.
Алматылық «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы ойын ертең сағат 21:45-те өтеді. Тарихи ойыннан құр қалмаңыздар!
Тағы оқыңыз: Петропавлдағы Кәсіподақ қозғалысы ардагерлерінің аллеясы күл-қоқыстан тазартылды