Италияда өткен қысқы Паралимпиада ойындары өз мәресіне жетті. Қазақстан ұлттық құрамасы дүбірлі додада бір алтын, бір қолаға ие болды. Қол медальдя қоржынға жерлесіміз Ербол Хамитов салды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Қысқы Паралимпиада ойындарына 600-ден астам спортшы қатысып, 79 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Әлем жұрты көз тіккен бәсекеде ел намысын 7 спортшы қорғады. Соны 4-еуі – солтүстікқазақстандық толағайлар. Олар: Ербол Хамитов, Александр Герлиц, Владислав Кобаль және Сергей Усольцев. Барлығы парашаңғы және парабиатлоннан сынға түсті.

Аталған Паралимпиада ойындары өңір тарихында алтын әріптермен жазылатыны сөзсіз. Себебі, жерлесіміз Ербол Хамитов бір алтын және бір қола медаль еншіледі. Ұлттық құрама жалпы есепте 18-ші орынға тұрақтады.

Тағы оқыңыз: 15 наурыз — жаңа Конституция күні

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *