Петропавлда қоқыс шығаратын компаниялар дұрыс жұмыс істемейді. Жағдай өзгермесе іске өзге кәсіпкерлер тартылатын болады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Жыл басынан бері «Коммун Север» ЖШС қоқысты уақытылы шығармағаны үшін 6 рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Қаладағы қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналыстан өзге 3 серіктестіктің де бұлардан асып тұрғаны шамалы. Оған петропавлдықтардан жиі келіп түсетін шағымдар дәлел. Жағдайды реттеу керек. Оның шешімін бүгін қалалық әкімдікте өткен жиында шаһар басшысы айтты.
«Биыл олардың сұрауы бойынша тариф те көтерілді. Бірақ одан жағдайдың өзгергені шамалы. Іске салғырт қарайтын кәсіпорындармен келісімшартты бұзып, жаңа мердігерлерді тарту қажет. Биыл біз 5 жаңа қоқыс таситын көлік сатып аламыз. Оларды дұрыс жұмыс істейтін компанияларға беру керек», — деді Серік Мұхамедиев.