Қазақстанда 1 шілдеден бастап такси жүргізушілері салық төлей бастайды. Бұл жайында жаңа пилоттық жоба қолға алынбақ. Оған «Яндексте» тіркелген көлік иелері ерікті түрде қатыса алады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Қызмет көрсететін тұлғаларды салықтық әкімшілендірудің өзгеше тәртібін қолдану жөніндегі пилоттық жобаны ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп іске асырмақ. Шаруа басталып кетті. Жаңашылдық аясында жеке табыс салығын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті зейнетақы жарналарын және такси жүргізушілерінің табысынан медициналық сақтандыру жарналарын төлеу жөніндегі міндеттемелер интернет-платформа операторына («Яндекс.Такси») жүктеледі. Оған көлік иелері ерікті түрде қатыса алады.
«Ол үшін Азаматтарға «e-salyq Business» мобильді қосымшасын пайдаланып, арнайы салық режимін қолдана отырып, жеке кәсіпкер ретінде тіркелу қажет», – деп жариялады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Ведомство өкілдерінің ақпаратынша, платформа операторы салық пен әлеуметтік төлемдерді ұстaп қaлуды және төлеудi кейіннен тиісті қорлар арасындa бөлу әрі аудару үшін «Азаматтарға арналған үкімeт» мемлекеттік кoрпорациясының банк шотына әрбiр әлеуметтік төлемге жекe төлeм тaпсыpмалаpы apқылы жүргізeтін бoлады.
Тағы оқыңыз: Солтүстікқазақстандық Артём Захаров велоспорттан өткен халықаралық додада үздік атанды