Тайыншалықтардың 71% таза ауыз сумен қамтылған

Тайынша ауданында бүгінгі күні 39 мың адам тұрса, соның 28 мыңға жуығы таза ауыз сумен қамтылған. Бұл мәліметті аудан басшысы Берік Әлжанов өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Су мәселесі Тайынша ауданда өзекті екенін Берік Әлжанов мойындап отыр. Қазіргі кезде ауыл халқының 71%, таза су ішіп отыр екен. Бірақ елді мекендер санымен есептегенде бұл көрсеткіш тым аз. Тайынша қаласын қоса алғанда небәрі 49%-ды ғана құрайды екен.

«Биыл бес ауылды таратушы желілері бар сумен жабдықтау бойынша төрт жоба жүзеге асырылды. Бұл ауылдарда шамамен 5 287 адам тұрып жатыр. 21 елді мекенде суды тазарту үшін кешенді блок модульдер орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы жобаларды іске асырғаннан кейін сумен қамтамасыз етілген ауылдар сандары 66-ға дейін жетеді. Бұл халықтың 80%-ын құрайтын болады», — деп жоспарымен бөлісті Тайынша ауданының әкімі.

Ал келер жылы 14 ауыл таза ауыз сумен қамтылмақ. Ол үшін жобалық сметалық құжаттар дайындалған. Бұдан басқа тағы 11 ауылға су тарату желілерін салу бойынша жобалық құжаттар әзірленуде. Енді олардың оң нәтижесін күту қалыпты.

Тағы оқыңыз: Отбасылық бизнес: СҚО-да әкесі, анасы мен қызы жеңгетайлықпен айналысқаны үшін сотталды

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *