11 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша қаласында қайғылы жағдай тіркелді. Өз үйінде 60 жастағы ер адамның денесі табылды. Оның өзіне қол салғаны анықталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Алдын ала ақпарат бойынша, ер адамның денесін үйінен қызы тапқан. Ер адам электробритваның сымымен есік тұтқасына асылған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп, тексеріс жүргізді.
«Алдын ала деректерге сәйкес, ер адам өзіне қол салған. Қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта болған жағдайдың себептері мен мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: СҚО-да ер адам иіс тиіп қаза тапты

