Тайынша ауданында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы белсенді түрде қолдау табуда. Бұл жолы жергілікті тұрғындар, жеке кәсіпкерлік өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер мен түрлі ұйымдар «Таза бейсенбі» атты ауқымды акцияға шықты. Көшелер, саябақтар және кәсіпорындар маңындағы аумақтар ретке келтірілді, деп жазады Qazaqstan Media.

Тазалық жұмыстарына ұжымдар болып қатысты. Алдыңғы қатарда мемлекеттік қызметкерлер, аудандық аурухана медицина қызметкерлері және әлеуметтік орталықтардың мамандары еңбек етті. Жұмыс барлығына жеткілікті болды. Қатысушылар қоқыс жинап, жолдарды сыпырып, гүлзарларды ретке келтірді. Ортақ мақсат әртүрлі мамандық иелерін біріктірді.

Тайынша ауданында «Таза бейсенбі» ауқымды акциясы аясын да көшелер жаңартылуда
Тайынша ауданында «Таза бейсенбі» ауқымды акциясы аясын да көшелер жаңартылуда

Аудан әкімінің орынбасары Әділет Рахымжанов барша қатысушыларға алғысын білдірді. Ол мұндай акциялар туған табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыратынын атап өтті. Оның айтуынша, аудандағы тәртіп – ортақ еңбектің нәтижесі. Барлығы бірлесе әрекет еткенде, елді мекен көз алдымызда көркейе түседі.

Тайынша ауданында «Таза бейсенбі» ауқымды акциясы аясын да көшелер жаңартылуда
Тайынша ауданында «Таза бейсенбі» ауқымды акциясы аясын да көшелер жаңартылуда


Ортақ іске жас маман Александр Пичушков та белсене қатысты.

«Жұмысқа көтеріңкі көңіл күймен шықтық. Барлығымыз бірлесіп тырма мен сыпырғыш алып, іске кірістік. Айналаны таза ұстау үшін қоқыс пен ескі бұтақтарды жинап жатырмыз. Өз еңбегіңнің нәтижесін көру өте қуантады. Ауданның тазалығы көз қуантады әрі бәріміздің көңіл күйімізді көтереді. Алдағы уақытта да ортақ үйіміздің тазалығын сақтауға үлес қоса береміз», – деп өз ойымен бөлісті сенбілікке қатысушы Александр Пичушков.

Ауданда сенбіліктер алдағы бірнеше ай бойы жалғасады. Мұндай шаралар өңір тұрғындарының өмірін жайлы әрі көрікті етуге бағытталған игі дәстүрге айналды.

Тайынша ауданында «Таза бейсенбі» ауқымды акциясы аясын да көшелер жаңартылуда
Тайынша ауданында «Таза бейсенбі» ауқымды акциясы аясын да көшелер жаңартылуда

Тағы оқыңыз: СҚО-да анасы сот арқылы баласының құқығын қорғап шықты

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *