СҚО-дағы 38 мектепке жаңа автобус сатып алынды. Олардың 8-і Тайынша ауданындағы білім беру мекемелеріне берілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Облыс әкімі жұмыс сапары барысында Тайынша  аудандағы әлеуметтік нысандарды аралады. Бүгіндері Краснополянская орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған 138 миллион теңге бөлінген. Ғауез Нұрмұхамбетов білім ордасында  атқарылған жұмыстарды тексеріп, жалпы оқушыларға жасалған жағдаймен танысты.  

Кейін облыс әкімі аудандық орталық кітапханаға барды. Биыл бұл жердегі және басқа да ауылдық кітапханалардағы жиһаздар жаңартылған. Осы мақсатқа бюджеттен 4 млн теңгеден астам қаржы бөлінген.  
Тайынша ауданының мектептеріне сегіз жаңа автобустың кілті табысталды

Аймақ басшысы Тайынша қаласындағы 5 орта мектепте де болды. Өңір басшысы осы жерде мектеп директорларына оқушыларды тасымалдайтын шағын автобустардың кілтін табыстап, сәттілік тіледі.

«Екі аптадан кейін жаңа оқу жылы басталады. Біз жыл сайын өңірдегі мектептерді жөндеп, оларды материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етуге тырысамыз. Бұдан бөлек, жаңа автокөліктер де сатып аламыз. Биыл облысқа жалпы 38 автокөлік сатыпалынды. Оның сегізі Тайынша аудандық білімбөліміне тапсырылды», — деді Ғауез Нұрмұхамбетов.

Кейін өңір басшысына білім ордасыныңматериалдықтехникалық базасы таныстырылды. «Мектепке жол» республикалық акциясы аясындабалаларға кеңсе тауарлары салынған сөмкелерберілді.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x