Тайынша ауданының диқандары гектарынан 43 центнерден астық алуда 

Солтүстікқазақстандық шаруалар егін орағын аяқтауға шақ қалды. Дәнді-дақылдардың 5,5 млн тоннасын аграрийлер бастырып үлгерген. Ауа райының қолайсыз болғанына қарамастан өңір шаруалары бидайды шашаусыз жинап, бітік өнім алуда. Солардың бірі – тайыншалық диқандар, деп жазады Qazaqstan Media.

Тайыншалық шаруалар ауа райы қолайсыздығынан екінші жыл қатарынан егін егу маусымы кезінде қиындық көрген. Оларға көктемгі су тасқыны, қардың кеш еруі көктемгі дала жұмыстарын уақытылы бастауға кедергі келтірген. Ал жаз мезгілінде жауған толассыз жаңбыр астықтың шығуына әсер етті. Дегенмен, бұл өнімнің сапасына қатты әсер ете қоймаған. Бұл тайыншалық диқандардың қажырлы еңбегінің арқасында мүмкін болып отыр.

«Ауа райының ылғалды болуына қарамастан бидай бітік шықты. Жаз салқын болды, көктемгі дала жұмыстары кеш аяқталды. Бұдан өсімдіктер қажетті температураны ала алмады. Орташа олар 1200–1400 градус алды, ал нормаға сәйкес 1800 градус болуы керек», — деп түсіндірді Qazaqstan Media тілшісіне Тайынша аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Айгүл Хамзина.

Осыған қарамастан кейбір шаруа қожалықтарында астық бітік шыққан. Мысалы, «Лидер СКТ» ЖШС-де бидайдың кілегейлігі 32 пайызды құрап отыр. 

«Биыл біз 20 мың гектар жерге егін септік. «Шортанды 2012», «Астана» сынды отандық тұқымдарға басымдық бердік. Әрине, күн райының қолайсыз болатындығына алдын ала дайындалдық. Сондықтан жақсы өнім алу үшін біз тыңайтқыштарды алдын ала дайындап қойдық», — дейді «Лидер СКТ» ЖШС директоры  Жасұлан Мұрат.   

Айта кету керек, тыңайтқыштарды сіңіру жұмыстары өз нәтижесін беріп отыр. Шаруашылық сапалы әрі мол өнім алып отыр. Кейбір алқаптарда оның берекелігі 40-43 центнерді құрайды.

Сонымен қатар, ауданның GCK Taynsha Astyk және «ТамызАгроИнвест» серіктестіктері гектарынан 30 центнерден бидай алып отыр. «Вишневское» және «Астык-STEM» ЖШС-де шаруалар әр гектардан 32 центнерден астық орған. «Агроном Тайынша» және «Мастер Агро» ЖШС-нің танаптарын да егін бітік шығып, 29 центнерден бидай алынды.

Айгүл Хамзинаның айтуынша, аудандағы орташа егін шығымы 18,1 центерді құрайды. Бұл облыс бойынша орташа көрсеткіштен жоғары.

«Аграрийлер аудан бойынша 427 мың гектар жердің егінін орып үлгерді. Оның ішінде 312,6 мыңы – бидай. 765 мың тоннаға жуық астық бастырылды. Бидайдың сапасы жаман емес. Тағы бір маңыздысы – көрсеткіштің төмендеуі. 180-нен 250-ге жетті. Бұл  бидай спасының жақсы екенін көрсетеді», — деп нақтылады Айгүл Хамзина.

Солтүстік Қазақстан облысында жиналған егіннің 15 пайызы Тайынша ауданының диқандарына тиесілі.

Бүгінде облыста майлы дақылдарды жинау жұмыстары жанданған. Ауыл шаруашылығы  қызметкерлері 32 мың гектар жердегі дақылды жинап үлгерген. Оның ішінде – 29 мыңы зығыр, 3,4 мыңы рапс. Ал майлы дақылдардың бастырылуы 25 мың тоннадан асты.

Тағы оқыңыз: Петропавлдық блогерлердің ісі сотта қайта қаралатын болды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x