Бесінші қазан күні еліміздің барлық педагогтары өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді. Бұл-бала тәрбиесі арқылы ұлт тәрбиесіне сүбелі үлес қосып жүрген жандардың күні. Осы орайда Тайынша ауданында ұстаздарға құрмет көрсетіліп, балаларды білім нәрімен сусындатып жүрген ұлағатты ұстаздар марапаттарға ие болды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

«Алты алаштың басы қосылса, қадірлі орын мұғалімдікі»,- деп ақиық ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай, мұғалім әр кезде қадірді, құрметті маман иесі. Оның білімі мен тәлімін әр адам бойынша сіңіріп өседі.

Ұстаз тек шәкіртті тәрбиелеп қана қоймайды, тұлға болып қалыптасуына жол ашады. Міне, осындай асыл жандардың құрметіне Тайынша ауданында мерекелік жиын өтті.

Тайынша ауданының мұғалімдері төл мерекелерінде құрметке бөленді
Тайынша ауданының мұғалімдері төл мерекелерінде құрметке бөленді

«Қазақстанда ұстаз – қоғамдағы ең құрметті тұлғалардың бірі. Мұғалімнің басты міндеті – білімді әрі рухани бай жас ұрпақты тәрбиелеу. Ертең сол ұрпақ Тайынша ауданының да, еліміздің де дамуына өз үлесін қосады. Биылғы жылы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жасанды интеллектіні білім беру жүйесіне кеңінен енгізу міндетін қойған болатын. Мемлекет басшысы атап өткендей: «Жеке бағытталған оқыту – бұл революциялық мүмкіндік. Барлыққа ортақ бір бағдарлама моделі заман талабына сай келмейді. Әрбір оқушы – жеке тұлға. Сіздердің еңбектеріңіз қоғамның рухани дамуына зор үлес қосуда. Әсіресе, педагогикалық еңбек ардагерлеріне айрықша алғыс білдіремін. Сіздер – жас мамандарға үлгі, кәсібіңізге деген адалдықтың айғағысыздар», – деді Тайынша ауданы әкімінің орынбасары Гүлбаршын Батенова.

Аудан әкімінің орынбасары барлық ұстаздарды кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтап, жас ұрпақ тәрбиелеудегі еңбектері мен адалдығы үшін алғыс айтты. Сонымен қатар, бірқатар педагогтерге аудан әкімінің Құрмет грамотолары мен алғыс хаттарын табыстады. Ал, Теңдік орта мектебінің директоры «Мағжан Жұмабаев» төсбелгісін алды.

Тайынша ауданының мұғалімдері төл мерекелерінде құрметке бөленді
Тайынша ауданының мұғалімдері төл мерекелерінде құрметке бөленді

«Менің ұстаздың еңбек өтілім -30 жыл. Осы уақыт аралығында бірталай шәкірт тәрбиелеп, шығардық. Қазір оқушыларымызбен мақтанамыз. Олар елімізге адал еңбек етіп жүр. Мен алып отырған төсбелгі ол-мектептің марапаты деп білемін. Себебі ұжыммен бірлесе отыра ұрпақ тәрбиелеп жатырмыз. Барлық әріптестерімді мерекемен құттықтаймын. Әрқашан оқушыларымыз үздіктердің қатарынан болсын»,- деп тілегін жеткізді Теңдік ОМ директоры Жандәулет Шаймерденов.

Дәл осы наградамен «№1 Чкалов орта мектебінің” директоры Борис Галицкий де марапатталды. Білікті маман басқаратын оқу орны Қазақстандағы ең үздік 100 мектептің қатарына кіреді. Ұлағатты ұстаздың өңірдің білім беру саласына қосқан үлесі өлшеусіз. Педагог талай жыл бойы жүздеген оқушыны тәрбиелеп, өз ісіне деген адалдығын көрсетті.

Тайынша ауданының мұғалімдері төл мерекелерінде құрметке бөленді
Тайынша ауданының мұғалімдері төл мерекелерінде құрметке бөленді

Тағы оқыңыз: Петропавлда мас еркек оқушыға қол көтерді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *