Тайынша ауданындағы ірі газ жарылысы 25-ші маусым күні түс ауа болған. Алдын-ала болжам бойынша,  Ильичевка ауылындағы  «Тайынша Май» ЖШС аумағында газ жинағышта жарылыс болып,  сол маңда тұрған Volvo маркалы газ таситын көлік өртке оранған, деп жазады Qazaqstan Media.

Бір емес тоғыз адамның денсаулығына зияны тиген газ жарылысы туралы полиция депртаментіне  хабарлама 25-ші маусым күні сағат 16.17-де түскен.  Алдын ала деректер бойынша, кәсіпорындағы екі жинақтағышта жану мен жарылыс орын алған. Жарылыстың салдарынан сол маңда тұрған Volvo маркалы газ таситын көлік өртке оранған.

«Оқиға орнына дереу өрт сөндірушілер, полиция қызметкерлері мен шұғыл қызмет өкілдері жетті. Бірлескен күшпен өрт ауыздықталып, оттың ары қарай таралуына жол берілмеді. Соңғы мәліметке сәйкес, төтенше жағдайдан тоғыз адам зардап шекті. Олардың сегізі ауруханаға жеткізілді»,- деп нақтылады СҚО ПД баспасөз қызметі.

 Өрттің шығу себептері мен жарылыстың мән-жайы анықталуда. Жиналған материалдар Тайынша ауданының төтенше жағдайлар бөліміне жолданды. Құқықтық баға сол жерде берілмек.

Жарылыстан зардап шеккендердің кейбірі Ақмола облысының тұрғындары. Олар Көкшетау қаласына ауруханаға жеткізілді. Қалғандары Тайынша ауданаралық көпбейінді ауруханасына жатқызылды. Зардап шеккендердің арасында сол жерге өрт сөндіруге келген мамандар да бар. Олардың беті, қол-аяғы, мойыны жалыннан күйік алған.

Тайынша ауданындағы кәсіпорында газ жарылып, тоғыз адам зардап шекті
Тайынша ауданындағы кәсіпорында газ жарылып, тоғыз адам зардап шекті

Ильичевка ауылындағы газ жарылысы болған сәтті тұрғындар түсіріп алған. Ол бейнежазба әлуеметтік желіге тарап кетті. Онда кәсіпорын аумағында оттың  екі жерде лаулап жатқанын анық көруге болады. Куәгерлердің айтуынша, газ құю кезінде шланг үзіліп кетіп, жарылыс болған.

Тағы оқыңыз: Петропавлда «Мағжан оқулары» республикалық байқауы өз мәресіне жетті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *