Солтүстіктегі Тайынша ауданында болған ірі өрт туралы төтенше жағдай департаменті ақпарат берді. Олардың мәліметінше, алдымен сұйытылған газ тасымалдаған көлік өртеніп, жарылған. Кейін жерасты резервуар тіреуіш жанған, деп жазады Qazaqstan Media.
Полиция депратменті хабарлағандай жанармай құю кезінде газгольдердің шлангісі үзілген. Газ тасығыш машина, кейінен жерасты резервуар тіреуіш арматурасы жанады.
«Оқиға орнына Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД күштері мен құралдары, сондай-ақ Ақмола облысынан құтқарушылар жедел келді. Күш-жігерді үйлестіру үшін өңіраралық өзара іс-қимыл жоспары іске қосылды. Оқиға салдарынан сегіз адам түрлі дәрежедегі күйік алды»,-деп хабарлады СҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Өрт 50 шаршы метр жерді шарпыған. От толығымен сағат 20.57-де толығымен сөндірілді. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 80 адам және 20 техника жұмылдырылған. Өрттің себептері анықталуда.
Жарылыстан зардап шеккендерге келетін бослақ, екі науқас Көкшетау қаласының ауруханасында жатыр. Жағдайлары ауыр. Тағы үш пациент Тайынша ауданаралық ауруханаға жатқызылды.
«Науқастардың арасында екеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайлары ауыр, тұрақты. Тағы үш азаматқа медициналық көмек көрсетілген соң амбулаторлық ем алуға жіберілді. Адам өміріне қауіп төніп тұрған жоқ»,- деп нақтылады СҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Тілсіз жаудан зардап шеккендердің арасында өрт сөндірушілер де бар.
Тағы оқыңыз: Тайынша ауданындағы кәсіпорында газ жарылып, тоғыз адам зардап шекті