Тайынша қаласында автокөлік жер үйге соғылды. Жол бойында жоғары жылдамдықпен келе жатқан машина тағы бір көлікке тиіп өткен, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

«Volkswagen» маркалы автокөліктің жүргізушісі Тайынша қаласының Желтоқсан көшесімен келе жатқан. Алдын ала болжам бойынша, ол рөлге ие бола алмаған.

«Азамат жеке үйдің шаруашылық құрылысына соғылған. Осыдан кейін шетелдік көлік инерциямен «ВАЗ 2114» маркалы тұрақта тұрған автокөлікпен соқтығысқан», – деп мәлімдеді СҚО ПД баспасөз қызметі.

Оқиға салдарынан 34 жастағы жүргізуші жарақат алды. Қазір ол ауруханада жатыр. Сондай-ақ ғимарат пен көліктерге зақым келген.
Жайсыз жайт бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жүргізушінің мас болған-болмағаны жайлы әзірге хабарланған жоқ.

Тағы оқыңыз: Өмірді құтқаратын қоңырау: Петропавлдағы iKOMEK 109 желісінде кімдер жауап береді?

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *