Тайынша ауданында стадион жаңартылып жатыр

Тайынша қаласында стадионды жаңғырту жұмыстары басталды. Трибуна ауыстырылып, жасанды шөбі бар футбол алаңы мен тартан жабыны бар жүгіру жолағы жасалады.  Волейбол, баскетбол, жағажай волейболы алаңдары орнатылады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Тайынша ауданына сапар кезінде атқарылып жатқан жұмыстардың барысын тексерді. Ауданның жол инфрақұрылымы  жаңартылуда. Қазір «Виноградовка-Ясная Поляна-Киров» жолында орташа жөндеу жүріп жатыр. Бүгінде 45 шақырымның тең жартысына асфальт төселді, жұмыс жалғасуда. Су тасқыны кезінде жолдардың бұзылған учаскелері де жөнделіп, су өткізгіш құбырлар орнатылуда. 

Тайынша ауданында стадион жаңартылып жатыр

Өңір басшысы Ясная Полянада GCK Taynsha Astyk  қызметімен танысты. Серіктестік мал және өсімдік шаруашылығын белсенді дамытып, сонымен қатар ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымына да ерекше көңіл бөлуде.

Тағы оқыңыз:СҚО-да жеке тұрғын үй өртеніп кетті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x