Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің қызметкерлері Тайынша қаласында кешенді профилактикалық іс-шара өткізді. Бір күн ішінде тәртіп сақшылары 79 азаматты тексеріп, спирттік ішімдікке бейім адамдар жиналуы мүмкін 7 орынды бақылауға алды, деп жазады Qazaqstan Media.
Тәртіп сақшылары қару сақтау талаптарын бұзудың үш дерегін де анықтады. Аудан орталығындағы бес мектептің қауіпсіздігі тексерілді. Оқу орындарының бірінде дабыл түймесі арқылы оқу-жаттығу сабағы ұйымдастырылды.
Сонымен қатар полицейлер 600-ден астам тұрғын үйді аралап, интернет-алаяқтықтан сақтану жолдарын түсіндірді. Нәтижесінде 28 азаматқа микрокредит пен қарыз алудан ерікті түрде бас тарту қызметі қосылды.
Сондай-ақ мектептер мен еңбек ұжымдарында киберқауіпсіздік, буллинг және нашақорлықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Отбасын қолдау орталығында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған профилактикалық кездесу өтті. Осындай шаралар алдағы уақытта СҚО-ның өзге аудандарында да жалғасады.
Тағы оқыңыз: СҚО-да көлік қозғалысы ашылды

