Тайынша ауданы Чкалов ауылында «Қамқорлық» оңалту орталығы салынып жатыр. Нысанның құрылысымен аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов танысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жалпы аумағы 1000 шаршы метрден асатын жаңа орталық күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан Чкалов дәрігерлік амбулаториясының негізінде орналасатын болады. Орталық тірек-қимыл аппараты бұзылған, сондай-ақ жүйелі оңалтуды қажет ететін басқа да ауытқулары бар балаларға арналған. Мұнда барлық қолайлы жағдай жасалып, білікті мамандар жұмыс істейді.

Сонымен қатар, тиімді оңалтуға арналған заманауи әдістемелер мен жабдықтар енгізіледі. Жыл сайын Тайынша, Ақжар, Уәлиханов және Айыртау аудандарынан 600 бала қажетті оңалту көмегін ала алады. Жобаны іске асыру «Қамқорлық қоры» корпоративтік қорының қолдауымен жүзеге асырылуда.

Жоба аясында қор орталықты заманауи жабдықтармен және қажетті жиһазбен қамтамасыз етеді. Аймақта еңсе түсіретін диагнозбен жүздеген бала тіркеуде тұр. Қазіргі таңда ата-аналар ұл-қыздарын басқа қалаларға апаруға мәжбүр. Бұл шығынды көбейтіп, сапалы ем алуға мүмкіндік бермейтіні сөзсіз.

«Ерекше балалар басты назарда болуы тиіс. Құрылыс жұмыстарын үнемі бақылауда ұстау қажет. Сапасына мән беріңіздер. Біз өз тарапымыздан қолдан келген көмекті аямаймыз», — деді СҚО әкімі.

Тағы оқыңыз: Солтүстікқазақстандық оқушы халықаралық байқауда топ жарды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *