Тайынша ауданы Тайынша қаласында 14-ші шілде күні жер үйден от шығып, ол толығымен өртеніп кетті, деп жазады Qazaqstan Media.
Өрт оқиғасы 14-ші шілде күні таңғы сағат 6-дан 26 минут кеткенде болған. Комсомол көшесіндегі үйлердің бірінен электр сымдарының қысқа тұйықталуы салдарынан от шығады. Салдарынан ауданы 80 шаршы метр болатын баспана толығымен жанып кетті.
«Өрттен зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Отты ауыздықтауға жеке құрамның алты маманы мен екі техникасы жұмылдырылды. СОнымен қатар «BioOperations» ЖШС 3 қызметкері мен бір техникасы көмекке келді. Жалпы демалыс күні облыс аумағында екі өрт тіркелді»,-деп хабарлады СҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: М.Қозыбаев атындағы СҚУ-ға 1500 грант бөлінді