Тайынша ауданында дәрігер үйі пайда болады  

Тайынша қаласына жұмыс істеуге келген дәрігерлер үшін үй берілуі мүмкін. Мамандарға баспана керектігін Тайынша ауданаралық көпсалалы ауруханасының директоры Мақсат Құдраттуллаев айтты. Мәселе облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің  депутаттармен кездесуі барысында көтерілді, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Тайынша ауданындағы көпсалалы аурухана ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту бағдарламасына енген. Емдеу мекемесі маңайдағы төрт ауданның халқына қызмет көрсетеді. Бүгінгі таңда ауылды жерге жұмыс істеуге келген дәрігерлер үшін бес миллион теңгеге дейін көтермеақы беріледі. Бірақ, бұдан тайыншалықтар қағылып отыр. Себебі, Тайынша -ауыл емес, қала.

Тайынша ауданында дәрігер үйі пайда болады  

«Ауылға барған мамандарды қолдау бағдарламасы Тайынша ауруханасына жарамайды. Себебі, ол-қала. Бізде қазіргі кезде мамандарды баспанамен қамту мәселесі тұр. Сонымен қатар, орта медициналық мамандар үшін ешбір қолдау қарастырылмаған. Сондықтан аудандағы кадр тапшылығын азайту үшін ауданға келген дәрігерлерге баспана салынса екен. 30-40 пәтерлі үй болса деген ұсынысым бар. Осы арқылы біз ауданаралық аурухананың дамуына үлес қосар едік», — деді Тайынша ауданаралық көпсалалы аурухананың директоры, депутат Мақсат Құдраттуллаев.

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов аталмыш аурхананың материалдық базасы жақсы екенін және потенциалы жоғары екенін атап өтті. Сонымен қатар, медицина қызметкерлерін тарту бойынша өңірде үлкен жұмыс атқарылып жатқанын да айтты. Мәселен, осыдан екі-үш жыл бұрын кадр тапшылығы 280-300 маманды құраған. Қазіргі кезде ол 144-ке дейін қысқарды. 

Тайынша ауданында дәрігер үйі пайда болады  

«Бүгінде облыс орталығына келген дәрігерлер үшін үш миллион теңгеге дейін беріледі. Ал аудандарға барғанда бес миллион теңгеге дейін төленеді. Енді  бұл сомманы 8 500 000 теңгеге дейін арттыру жоспарда бар. Мұның барлығы жас мамандарды тарту үшін жақсы мүмкіндік деп ойлаймын», — деді өңір жетекшісі.

Бұған қоса, облыстық әкімдік тарапынан резедентурада оқу үшін 50 грантқа ақша бөлініпті.  Оның 34-і бойынша жастар оқып жатыр. Ал Тайынша ауданында дәрігер үйін салу бойынша ұсынысты аймақ басшысы құптап отыр.

«Әрине оның бәрі ақша тұрады. Бүгінгі жиынға аудан әкімдері онлайн қатысып отыр. Тайынша ауданының әкімі Берік Әлжановқа аталмыш сұрақты қарастыру бойынша тапсырма беремін. Бірге ойластырыңыздар. Егер ғимараттар болса, өзге де ұсыныстар болса айтыңыздар. Мүмкін облыс орталығындағы дәрігерлер үйі секілді, аудандада салармыз», — деді облыс әкімі.

Тағы оқыңыз: СҚО-да өз анасын өлтірген азамат 11 жылға сотталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *