Тайынша ауданының Драгомировка ауылында жаңа мектеп салынып жатыр. 120 орынға шақталған нысан қыркүйек айында қолданысқа берілмек, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Драгомировка ауылында салынып жатқан мектептің құрылысы биыл мамыр айында басталған. Жоба құны- 1,2 млрд теңгені құрайды. Білім ордасының құрылысына «Зерттеу СК» серіктестігі жауапты.

«Қазіргі таңда мектептің екінші қабатындағы кірпіштерді қалау жұмыстары аяқталуға жақын. Сонымен қатар өрт қауіпсіздігі резервуары дайындалуда. Бір-екі күнде мектептің жылу қазандығын жасайтын адамдар келеді. Жалпы, жұмысқа 45 адам жұмылдырылған. Құрылыс кестеге сай жүргізіліп жатыр», — деді «Зерттеу СК» ЖШС учаске басшысы Николай Варда.

Драгомировка ауылындағы ескі мектеп апатты деп танылған. Сол себепті, оқушылар 3 және 4 тоқсандыбалабақша ғимаратында оқыған. Сондықтан 120 орынға шақталған білім ордасының құрылысын тезірек аяқтау міндеті тұр. Мердігер компания өкілдерінің айтуынша, 2 қабатты нысан қыркүйек айында қолданысқа беріледі.

Тағы оқыңыз: Петропавлда екі бала мен әйелдің өліміне кінәлі деп танылған күдіктіден жауап алынды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x