Солтүстік Қазақстанның Тайынша ауданында денсаулық сақтау саласын жаңғырту жұмыстары қарқын алып келеді. Ең ауқымды жобалардың бірі — Тайынша көпбейінді ауруханасының бірінші қабатын толық жаңғырту. Жөндеу аяқталған соң  мұнда  республикалық мәртебеге ие балаларға арналған оңалту орталығы ашылады, деп жазады Qazaqstan Media. 

Бүгінде ауданның медициналық инфрақұрылымы айтарлықтай ауқымды. Көпбейінді ауданаралық  аурухана, тәулігіне 400 адам қабылдайтын емхана бар. Бес дәрігерлік амбулатория, төрт фельдшерлік-акушерлік пункт және елу төрт медициналық пункт халыққа қызмет көрсетіп отыр. Мұндай құрылым тұрғындар саны көп аумақ үшін сапалы медициналық қызметтің толық спектрін қамтуға мүмкіндік береді.

Тайынша ауданында балаларға арналған реабилитациялық оңалту орталығы ашылады
Тайынша ауданында балаларға арналған реабилитациялық оңалту орталығы ашылады

2025 жылы аудан денсаулық сақтау мекемелерін жабдықтау деңгейі жаңа белеске көтерілді. Жалпы құны 302 млн теңгені құрайтын заманауи 17 бірлік медициналық құрылғы сатып алынып, екі жаңа санитарлық автокөлік алынды. Бұл диагностиканың дәлдігін арттыруға, жедел медициналық көмектің қолжетімділігін күшейтуге және ауылдық елді мекендерге жылдам жетуге айтарлықтай жағдай жасады.

Ауыл медицинасын жаңғырту

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Карағаш ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт салынды. Құны 197,7 млн теңгені құрайтын ғимарат ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық көмекті толық көлемде көрсетуге мүмкіндік береді. Жаңа нысан өңірдегі шағын ауылдық аймақтар үшін ерекше маңызды. Өйткені тұрғындар енді сапалы медициналық қызметті алыстан іздемей-ақ, өз ауылынан ала алады.

Аудандағы ең ауқымды жобалардың бірі — Тайынша көпбейінді ауруханасының бірінші қабаты мен Чкалов дәрігерлік амбулаториясын толық жаңғырту. Жөндеу аяқталған соң олардың базасында республикалық мәртебеге ие балаларға арналған реабилитациялық орталық ашылады. Бұл орталық Тайынша, Ақжар, Уәлиханов және Айыртау аудандарының балаларын қабылдап, арнайы оңалту қызметтерін көрсетеді. 

 

Сонымен бірге аудан медицинасына ірі қоғамдық қорлар тарапынан маңызды қолдау көрсетілуде. «Қамқорлық» қоры мен «Қазақстан халқына» қоры 260 млн теңгенің жаңа медициналық жабдығын жеткізіп жатыр. Бұл реабилитациялық, педиатриялық және диагностикалық бағыттардағы қызмет сапасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да  Жамбыл ауданы ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпте рекорд орнатып отыр

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *