Тайынша ауданының Рощинское ауылында 17 ақпанда өрт болып, үш бала құтқарылды. Ал баспанасыз қалған отбасына жергілікті әкімдік көмек көрсетіп жатыр, деп жазады Qazaqstan Media.

Үйде өрт болған кезде балалардың анасы Жәмилә Қалышбекова жұмыста болған. Ол фермада сауыншы болып істейді. Ал  балаларды жанып жатқан үйден Айдын Ақанов алып шыққан. Ауыл тұрғынының ерлігінің арқасында бүгіндері балалар дін аман.

Тайынша ауданында өрттен зардап шеккен отбасына барлық көмек көрсетіледі

Ал құтқарушылар өртті сөндіргенімен үй тұруға жарамсыз болып қалған. Қазір мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр. Қайғылы оқиға орын алған күні зардап шеккен тұрғындармен аудан әкімі Берік Әлжанов кездесті. Ол отбасы мүшелерімен әңгімелесіп, өртенген үйді аралап шықты. Сондай-ақ, Берік Әлжанов балаларды құтқарып қалған Айдын Ақановқа алғысын білдірді. Қазір Жәмилә Қалышбекованың отбасы уақытша көршілерінің үйінде тұрып жатыр.

Кейін Берік Әлжанов «Роща 2016» ЖШС басшылығымен кездесіп, олар зардап шеккендерге үй беретін болды. Ал әлеуметтік қорғау және білім беру органдары отбасына барлық қажетті көмекті көрсетеді.

Билік өкілдері тұрғындарға электр сымдарының жай-күйін бақылап, өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға кеңес береді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да қызына пышақ сұғып алған ана алты жылға сотталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *