Тайынша ауданында 10 ауқымды инвестициялық жоба жүзеге асуда. Кәсіпорындар қолданысқа берілгеннен кейін 200-ден астам жұмыспен қамтылады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Тайынша ауданының әкімі Берік Әлжанов айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Ауданға биыл 39 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды. Бұл көрсеткіш былтырғы жылға қарағанда 5 млрд-қа көп. Тайынша қаласында әлеуметтік осал топтағы отбасыларға арналып баспаналар салынуда.
«Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталды. Мердігер ішін әрлеп жатыр. Маңызды іске 200 млн теңгеден астам қаржы жұмсалды. Екіқабатты баспананың жалпы ауданы 920 шаршы метрді құрайды», — деді аудан әкімі Берік Әлжанов.
Тайынша ауданында тұрғындардың 61 пайызы орталықтандырылған сумен қамтылған. 30 шақырымға жуық жол жөнделген. Бес мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Маңызды іске 600 млн теңге қаржы жұмсалды.
Тағы оқыңыз: СҚО-да биыл 100-ге жуық адам ВИЧ инфекциясын жұқтырған

