Тайынша ауданында 38 мыңға жуық адам тұрады. Бүгінде олардың 60 пайызы орталықтандырылған сумен қамтылған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Тайынша ауданында халықты таза ауыз сумен қамту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Былтыр аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту көрсеткіші 69 пайызды құраған болатын. Биыл бұл статистика 80 пайызға дейін өсті.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 11 ауылда сумен қамту нысаны бой көтерді. Маңызды жұмыстарға 7,9 млрд теңге жұмсалды. Қомақты қаржының 80 пайызы мемлекеттік қордан бөлінді.

«Тайынша ауданындағы сорғы станциясы бір ай бұрын қолданысқа берілді. Мұндағы қондырғы 13 елді мекенді, дәлірек айтсақ, 20 мыңға жуық тұрғынды орталықтандырылған сумен қамтып отыр. Күніне тұрғындарға 2 мың 260 текше метр тіршілік көзін жеткізуге мүмкіндігі бар. Айта кету керек, жоба құны 13 млрд теңгені құрайды», — деді аудан әкімі Берік Әлжанов.

Тағы оқыңыз: СҚО-да соңғы аптада ЖРВИ мен тұмау жұқтырғандар саны өсті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *