Еліміз үшін маңызды мереке -Тәуелсіздік күнінде өңірде 11 нәресте дүние есігін ашты. Бұл туралы облыстық перинаталдық орталықтың әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды, деп жазады Qazaqstan Media.
16-шы желтоқсан еліміз үшін маңызды күн. Ел егемендігін айғақтайтын мереке. Дәл осы тұғырлы Тәуелсіздік күнінде Солтүстік Қазақстан облысында 11 жас ана сәбилерін бауырларына басты. 11 нәресте дүние есігін ашты. Олар- Тәуелсіз Қазақстанның кішкентай азаматтары.
Бұл күні облыста ең бірінші болып ұл бала дүниеге келген. Дәрігерлер оны батылдық, ерлік пен еркіндіктің нышанына балап отыр.
«Сәбилердің барлығы дендері сау, бақытты болсын. Әрқайсысы ел үшін маңызды мерекеде дүниеге келгенін мақтан тұтсын»,- деп тілектерін білдірді медицина мамандары.
Тағы оқыңыз: СҚО-да «Мамлютка — Қостанай» автожолындағы орташа жөндеу жұмыстары аяқталды

