Солтүстік Қазақстан облысында денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы тағайындалды. Енді басқармаға  Сәкен Амрин жетекшілік ететін болады.  Соңғы үш жылда ол көпсалалы облыстық аурухананың бас директоры қызметін атқарды.  Ұжымға жаңа басшыны өңір әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов таныстырды, деп хабарлайды Qazaqstan media.

Осыған дейін денсаулық саласына Қаныш Бижанов басщылық еткен болатырн. Жақында ол өз еркімен жұмыстан шықты.

Сәкен Амрин 41 жаста. Ол Шал ақын ауданы Сергеевка қаласының тумасы. Жергілікті денсаулық сақтау жүйесінде көптен еңбек етіп келеді. Медициналық жүйенің әртүрлі деңгейлеріндегі жұмыс тәжірибесі  бар. Сонымен қатар, денсаулық сақтау менеджменті саласындағы MBA Executive дәрежесі бар.

Алғашқы еңбек тәжірибесін  2008 жылы облыстық перинаталдық орталықтан бастаған. Онда дәрігер-акушер-гинеколог болып жұмыс істеді. Содан кейін Петропавлдың аудандық және қалалық ауруханаларында, Степногорск қаласында, Мағжан Жұмабаев ауданының орталық аудандық ауруханасында басшылық қызметтер атқарды.

2022 жылдан бастап СҚО көпсалалы облыстық ауруханасын басқарса,  енді өңірдің денсаулық сақтау жүйесіне жетекшілік ететін болады.

Тағы оқыңыз: Соңғы уақытта басы даудан арылмай жүрген дене шынықтыру және спорт басқармасына жаңа басшы тағайындалады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *