Солтүстік Қазақстан облысында сүт бизнесімен айналысқан бұрынғы полицей әрі кәсіпкер Евгений Данькоға сот үкімі жарияланды. Ол бірқатар қылмыс, соның ішінде субсидияларды жымқырды деген айып бойынша кінәлі деп танылып, қатаң режимдегі колонияға 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Сүт бизнесіндегі бастау

41 жастағы Евгений Данько ішкі істер органдарында қызметін аяқтаған соң, 2016 жылы Қызылжар ауданында сүт қабылдап, оны жергілікті зауыттарға өткізумен айналысты. Кейін серіктесімен бірге Аққайың ауданында ауыл тұрғындарынан шикізат сатып алу арқылы ауыл шаруашылығы кооперативін құрып, «Мол-ТД» деген атаумен таныла бастайды. 

Кәсіпорынның өнімі — «Смирновское» сүті мен майы дүкен сөрелерінен, жәрмеңкелерден табылып, тіпті Ресейге де жеткізілген. Даньконың айтуынша, олардың жұмысы мал басының көбеюіне ықпал етіп, халыққа тұрақты табыс көзіне айналған.

Айыптаулар мен жауап

Тергеу мәліметінше, 2019–2020 жылдары кәсіпкер жалған шот-фактуралар арқылы 54 млн теңгеден астам мемлекеттік субсидия алған. Сондай-ақ оған табысты заңдастыру және тергеу құпиясын жария ету баптары бойынша айып тағылды.

Субсидияның ақшасына Данько TOYOTA LAND CRUISER PRADO 150 маркалы автокөлік сатып алған. Бірақ темір тұлпарды басқа сенімді адамның атына рәсімдепті.

Ал Даньконың өзі мемлекеттік қолдау туралы тек ауыл шаруашылығы бөлімінен білгенін және барлық қаражат халыққа төленгенін айтты. Ол сатып алынған көлікке қатысты айыптауды да жоққа шығарды.

«Машина 2021 жылы жұбайым мен Ресейде тұратын ағасының көмегімен алынған», – деді сотталушы.

Экс-полицей тергеу барысында заң бұзушылықтар болғанын мәлімдеді. Оның сөзінше, ол ешқайда жасырынбаған, қолхатпен жүрген, бірақ кенеттен қамауға алынған. Тергеу изоляторында  10 күндік аштық жариялап, қысымға шағымданған. Сондай-ақ алғашқы сот отырысы туралы хабарлама алмағанын, ал кейбір материалдардың кейін өзгеріп кеткенін жеткізді.

«Мұндай әділетсіздікті көрмедім. Құқықтарым шектелді, қорғану мүмкіндігінен айырылдым», – деді ол сотта.

Үкім

Сот Евгений Данконы бірден үш бап бойынша кінәлі деп тапты : ҚР ҚК 190-бабы (алаяқтық),

218-бабы (табысты заңдастыру),

423-бабы (тергеу деректерін жария ету).

Ол енді жеті жыл алты айын ең жоғары қауіпсіздік колониясында  өткізеді. Сот ауырлататын жағдай ретінде ескі, өтелмеген соттылығын ескерді. 2015 жылы  пара алғаны үшін үкім шыққан.  Жеңілдететін жағдай ретінде оның кәмелетке толмаған балалары бар екені айтылды.

Евгений Данько анасымен және адвокатымен бірге апелляциялық шағым түсірмек.

Тағы оқыңыз: СҚО-да сотталғандар арнайы курстардан өтеді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *