Мектептерді жөндеу, кадр мәселесін шешу. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жаңадан сайланған Қызылжар ауданының әкімі Бейбіт Исмановқа бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Қызылжар — облыстағы ең беделді аудандардың бірі. Биыл 203 мың гектар аумаққа егін егілді. 14,4 млрд теңге инвестиция тартылды.

Аудан жолдарының жалпы ұзындығы 631 км құрайды. Оның 88 пайызы қанағаттанарлық жағдайда. Аудандағы 68 ауылдың 62-сі орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Шешуді қажет ететін мәселелер бар. Ғауез Нұрмұхамбетов жаңа басшыға шешілмейтін түйткіл жоқ екенін, халықтың тұрмысын жақсартуға арналған бірқатар тапсырма берді.

«Балалар білім алатын мектептердің сапасын жақсарту басты назарда болуы тиіс. Мысал ретінде, Шаховское ауылындағы мектеп пен Белое ауылындағы мектепті айтуға болады. Бірінің төбесінен су ақса, екіншісі апатты деп танылды. Аталған мәселерді оқуға кедергі келтірмей шешу қажет»,- облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Ауданда 13 мыңнан астам жас бар. Ұл-қыздарды бұқаралық спортқа тарту деңгейі 42 пайызды құрайды. Аудандық денсаулық сақтау саласында кадр тапшы.

Өңір жетекшісі Бейбіт Исмановқа аталған мәселелерді шешуді тапсырды. Өз кезегінде басты міндеттерді қағаз бетіне түртіп алған атқамінер іске білек сыбана кірісуге уәде берді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да ұстаздар «Таза Қазақстан» акциясы аясында челлендж өткізді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *