СҚО әкімі тасқынмен күрескен өңір тұрғындарын марапаттады

СҚО әкімдігінде ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне  орай салтанатты жиын өтіп, бір топ өңір тұрғыны марапатталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жиын барысында өңір тұрғындарын мерекемен құттықтаған облыс әкімі Ғауез Нұрмұханбетов кей тұрғындардың тасқын мен оның зардаптарын жоюға зор үлес қосқандығын атап өтті.

Өңір басшысы облысымыздың 40 патриотын алғыс хатпен марапаттады. Олардың қатарында еріктілер, кәсіпкерлер, журналистер, ардагерлер, мемлекеттік қызметкерлер, этномәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес және бюджеттік ұйымдардың өкілдері, блогерлер, спортшылар бар.

СҚО әкімі тасқынмен күрескен өңір тұрғындарын марапаттады СҚО әкімі тасқынмен күрескен өңір тұрғындарын марапаттады

СҚО әкімі тасқынмен күрескен өңір тұрғындарын марапаттады

«Солтүстікқазақстандықтар бірігіп, табиғи апатпен күресте шынайы патриоттық пен қаһармандық танытты. Мереке күні баршаңызға береке мен бірлік тілеймін. Еліміз гүлденіп, көк Туымыз желбірей берсін», — деді облыс әкімі.

Тағы оқыңыз: СҚО-да шенеуніктер 7,1 млрд теңге бюджет қаражатын заңсыз жұмсамақ болған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x