Ойқала мен Былғары зауыты кенті былтыр тасқын кезінде ең көп зардап шекті. Қазіргі таңда бұл аумақтарда абаттандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Тілсіз жаудың кесірінен елдімекендердің көркі қашып, сұрықсыз күйге енген болатын. Баспаналар сүріліп, айнала күл-қоқысқа толы болды. Бұны ескерген жергілікті әкімдік өкілдері қос аудандағы бұзылған үйлердің орнына 74 демалыс алаңын салып берді. Жобаны жүзеге асыруға аудандардың әкімдіктері де жұмылдырылыпты. Жергілікті кәсіпкерлер де өзара жиналып үлесін қосқан.
Былғары зауыты кентінде салынған жаңа скверде қала күні аталып өтті. Балалардың қуанышында шек жоқ. Оларға орнап қалалық мәдениет үйінің әртістері ерекше концерттік бағдарлама дайындаған. Сондай-ақ, ұл-қыздарға тегін балмұздақ таратылды.
Балаларды қала күнімен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов құттықтады. Ол жеткіншектердің әрбіреуімен тілдесіп, жүрекжарды тілегін білдірді. Сондай-ақ жаңадан салынған демалыс, ойын алаңының жағдайымен танысты.

«Мына асыр салып ойнап жүрген балалардың барлығы — еліміздің болашағы. Оларға бар жағдайды жасауға тиіспіз. Сондықтан кішкентай ұл-қыздарға арналған әр нысан сапалы жасалынғанын қалаймын»,- деді облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.
Тағы оқыңыз: Елімізде жарияланған рақымышылық аясында алғашқы әйел Петропавл түрмесінен шықты