Петропавлда ҚР Полициясы күніне орай салтанатты жиын өтті. Айтулы датаға орай 30-дан астам тәртіп сақшысы түрлі марапатқа ие болды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Күні түні олар қоғамдық тәртіпті күзетеді. Тыныштықты сақтайды. Ел амандығы үшін өз өмірлерін қауіпке тігеді. Шенділердің еңбегін облыс әкімі жоғары бағалады.

СҚО әкімі облыстық полиция департаментіне 26 жаңа автокөлік тарту етті
СҚО әкімі облыстық полиция департаментіне 26 жаңа автокөлік тарту «Тәртіп сақшыларын бейбіт күннің батырлары десек қателеспейміз. Полицияда қызмет ету аса жауапты әрі қауіпті. Сонымен қатар, игілікті іс. Мемлекетті тұрақтылықты сақтауға қосқан үлестеріңіз үшін алғысымды білдіремін»,- деді СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

 

 

 

 

Мерекелік шарада қызметтік міндеттерін адал атқарып, жұмыста жоғары жетістікке жеткен бірқатар азамат марапатталды. Олардың қатарында қалалық ПБ бастығының орынбасары Қайырбек Баймөнкенов те бар. Оған бүгін мерзімінен бұрын подполковник шені табысталды.

СҚО әкімі облыстық полиция департаментіне 26 жаңа автокөлік тарту етті
СҚО әкімі облыстық полиция департаментіне 26 жаңа автокөлік тарту етті

«Полицей болу — бала кезгі арманым. Аталған салада 13 жылдан бері еңбек етіп келемін. Тәртіп сақшысының адамгершілігі мол болу қажет. Қай кезде болмасын адамдардан көмегін аямауы тиіс. Барша әріптестерімді мерекемен шын жүректен құттықтаймын!»,-дейді Қайырбек Баймөнкенов.

Басқосуда ел қорғандарына облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов 26 су жаңа автокөліктің кілтін табыстады. Бұл темір тұлпарлардың қиындығы мол қызметте зор көмегі тиері сөзсіз.

Тағы оқыңыз: Тайынша ауданындағы газ жарылысы кезінде өрт сөндірушілер зардап шеккен

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *