СҚО әкімі: биыл егін бітік шығады

Биыл Солтүстік Қазақстан облысында дәнді дақылдар бітік шығады деген болжам жасалып отыр. Ол алдымен ауа райының қолайлы болуына және заманауи агротехнологияларды дұрыс пайдаланудың арқасы, деді облыс әкімі Ғауез Торсанұлы. Бұл туралы  облыстық әкімдікте өткен жиында айтылды, деп жазады Qazaqstan Media.

Облыстық әкімдікте бірінші жарты жылдықтың қортындысы шығарылған жиын өтті.  Өңір басшысы 2024 жылы диқандар мол өнім алады деген сенімін жеткізді. Себебі атқарылған іс аз емес.

«Өткен жылы ауа райы жағдайына байланысты  ауыл шаруашылығында өнім аз болды. Биыл жағдай біршама жақсы. Егіннің бітік шығуына жаңа технологиялардың қолданылуы да әсер етеді. Биыл жақсы өнім алу үшін шамамен 256 мың тонна минералды тыңайтқыш енгізу жоспарлануда», — деді облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

2024 жылы облыс шаруалары  дәнді және бұршақты дақылдарды  3,4 млн.гектар жерге еккен еді.  Оның 751 мың гектары майлы дақылдарға арналған. Әртапартандырудың арқасында жемшөпке арналған аумақ 380 мың гектарға жетті.  Сонымен қатар, отырғызылған көкөністердің жалпы ауданы бес мың гектарды құрайды.

Облыс әкімі ылғал үнемдеу технологияларын қолдана отырып, суармалы жерлердің көлемін ұлғайту бойынша жұмыстар жалғасып жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар, өңір басшысы Ғауез Торсанұлы  статистика департаментінің мамандарына үй- жайлардағы мал санын, жеке қолданыстағы  алқаптарды анықтап, жандандыруды тапсырды.

«Жылдың соңына дейін облыс бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 42% — ға дейін ұлғайтылуы тиіс. Бұл- болжам ғана.  Алайда барлық қажетті резервтер мен ресурстар бар», — деп қорытындылады өңір әкімі.

Тағы оқыңыз: СҚО-да Tik-Tok желісінде сепаратизмді насихаттаған келіншек 3 жылға сотталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x