Солтүстік Қазақстан облысының әділет департаментінде жаңа басшы. Енді бұл қызметті Естай Рашқалиев атқарады. Оны ұжымға Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова таныстырды. Бұл туралы ведомствоның ресми сайтында жазылған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

46 жастағы Естай Рашкалиев 2008 жылдан бастап әділет органдарында қызмет етіп келеді. Бұған дейін ол Батыс Қазақстан облысы әділет департаменті басшысының орынбасары болған. Сот және құқық қорғау жүйесінде мол тәжірибесі бар.

Жаңа басшыны ұжымға Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова таныстырып, халықтың құқықтық мәдениетін арттыру, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және атқарушылық өндіріс тиімділігін қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

«Естай Рашкалиевтің кәсібилігі мен басқарушылық қабілеті қойылған міндеттерді табысты орындауға мүмкіндік беретініне сенім білдіремін. Жаңа қызметіңізге сәттілік тілеймін», — деді вице-министр.

Айта кетейік, осыған дейін облыстық әділет департаментін Айдос Тоғызбаев басқарған болатын. Ол бір ай бұрын басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметтен кетті.

Тағы оқыңыз: Петропавлда 10 жастағы бала кәріз құдығына түсіп кеткен

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *