Қытайда «Солтүстік Қазақстан облысы – Қытай» атты алғашқы инвестициялық бизнес-форумы өтті. Қытай Халық Республикасындағы форум Қытайдың Қазақстандағы елшілігінде ұйымдастырылды, деп жазады Qazaqstan Media.

Форум ҚХР-ның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Хань Чуньлинь мырзаның қолдауымен ұйымдастырылды. Оған  облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов бастаған іскерлік делегация өкілдері қатысты. Жалпы  екі жақтың  100-ден астам бизнес өкілі жиналып, жаңа іскерлік байланыстар орнату төңірегінде келісімдер жүргізді.

СҚО–Қытай: 100-ден астам кәсіпкер инвестициялық форумда бас қосты
СҚО–Қытай: 100-ден астам кәсіпкер инвестициялық форумда бас қосты

«Бүгінде Қытаймен түрлі салада серіктестік қарым-қатынастарды белсенді дамытып келеміз. ҚХР біз үшін маңызды экономикалық серіктес және сенімді инвестор болып табылады. Өңіріміздің екі ауданында  субаймақтар іске қосылды. Олардың бірі Тайынша ауданында орналасқан, қытайлық инвестицияларды тартудың орталығына айналды. Инвесторларға қолайлы жағдай жасау – біздің басымдықтарымыздың бірі болып қала бермек»,- деді облыс әкімі.

Биыл  алғашқы сегіз айда Солтүстік Қазақстан облысының Қытаймен тауар айналымы 105 млн АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі есе көп.

СҚО–Қытай: 100-ден астам кәсіпкер инвестициялық форумда бас қосты
СҚО–Қытай: 100-ден астам кәсіпкер инвестициялық форумда бас қосты

Іс-шара аясында «Ботай – Ұлы дала мәдениеті» экспозициясы, СҚО-ның жетекші ауыл шаруашылығы өңдеу, кен өндіру және машина жасау кәсіпорындарының көрмесі ұйымдастырылды. Одан бөлек, қос тараптың 70 ірі компаниясының қатысуымен іскерлік кеңес өтті. Сондай-ақ екі ел кәсіпкерлерінің арасындағы B2B кездесулер сериясы ұйымдастырылды. Бұл келіссөздер қытайлық серіктестерге өңіріміздің әлеуетін жақынырақ танып, өзара ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді.

СҚО–Қытай: 100-ден астам кәсіпкер инвестициялық форумда бас қосты
СҚО–Қытай: 100-ден астам кәсіпкер инвестициялық форумда бас қосты

Тағы оқыңыз: СҚО-да АИТВ-ға шалдыққан жандардың 90 пайызы антиретровирустық терапияны қабылдайды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *