Солтүстік Қазақстан облысы қорғаныс істері департаментінің басшысы Еркеш Бекбаев парамен ұсталды. Осындай ақпарат әлеуметтік желіде тарап кеткен, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Әлеуметтік желіде тараған хабарламада Солтүстік Қазақстан облысы қорғаныс істері департаментінің бастығы маусымның 28-і күні ұсталғандығы көрсетілген. Қолда бар деректерге сүйенсек, ол кадрлық мәселелерді шешкені үшін 700 мың теңге көлемінде пара алған.
Әзірге, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментінің қызметкерлері үнсіз.
Тағы оқыңыз: СҚО-да былтыр жарты млрд теңгеге жуық бюджет қаржысы тиімсіз жұмсалған