[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_gallery _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» gallery_ids=»14729,14731,14730″ fullwidth=»on» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″ admin_label=»Gallery»][/et_pb_gallery][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}» admin_label=»Text»]

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясында қазақы нақыштағы дорба тігуден шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Нәзікжандылар бас қосқан жиынды теріскейлік тігінші Бибінұр Жамалеева өткізді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бибінұр Жамалеева жасынан қолөнермен айналысады. Қазіргі уақытта тапсырысқа ұлттық нақыштағы төр көрпе, қалта, дорба, тойбастар, әшекей сынды дүниелерді дайындайды. Тіпті, тұрақты клиенттері де бар. Тігіншінің қолынан шыққан бұйымдар тұрғындар арасында аса сұранысқа ие. Көпшілігі дорбаға қызығады екен. Сондықтан болар, бүгінгі шеберлік сағатында киізден дорба жасап көрсетуді жөн көріпті.

«Дорба таза киізден жасалады. Дайындалуы оңай, тез, әрі кетсе 20 минут. Ұлттық оюлардың сызбасын жасап, сол бойынша пішеміз. Тапсырыс берушілер түсі мен көлемін өздері таңдайды. Дорба қонаққа барарда сыйлық пен шашу салу үшін өте ыңғайлы. Тіпті болмаса, дүкеннен алған аз-маз азық-түлік те сыяды», — дейді солтүстікқазақстандық тігінші Бибінұр Жамалеева.

Он саусағынан бал тамған жерлесіміз бүгінгіндей шеберлік сағатын алғаш рет өткізіп тұрған жоқ. Айтуына қарағанда, келушілердің басым көпшілігі бұл өнерді тез қағып алады. Жастармен қатар, егде жастағы әйелдер де үйренуге ниет танытады екен. Мәселен, 76 жастағы Светлана Малхосян мұндай шараларға жиі қатысып отырады.

«Наурыз мейрамының қарсаңында осындай шараның ұйымдастырылғанына қуаныштымын. Көз тартар заттарды жасауды бұрыннан үйренгім келіп жүрген. Тігіншінің көрсеткендерін толықтай меңгеріп, өзім жасап көргім келеді. Қазір қолдан жасалған бұйымдар жоғары бағаланады», — дейді қала тұрғыны Светлана Малхосян.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *