Солтүстік Қазақстанда қызылша ауруы өршіп барады. Сондықтан алдағы күндері өңірге қосымша 28 мың доза вакцина жеткізілмек

Солтүстік Қазақстанда қызылша ауруы өршіп барады. Сондықтан алдағы күндері өңірге қосымша 28 мың доза вакцина жеткізілмек, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бүгіндері Петропавлдағы инфекциялық ауруханада 30 адам қызылшадан ем алып жатыр. Оның 22-сі бала. Арасында жүкті әйелдер жоқ екен. Жансақтау бөліміне де науқастар түспеген. Дәрігерлер ауруханада жатқандардың 70 пайызы екпе алмағандар дейді.

«Қазіргі таңда облыста вакцина жеткілікті. Желтоқсанның 7-8-і күндері тағы қосымша 28 мың доза вакцина әкелінеді деп күтіп отырмыз», — деді өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте СҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Тағаниязов.

Тағы оқыңыз: СҚО-да 11 оқушы, 47 әскери қызметкер қызылша жұқтырды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x