Өңірге мұңайлы Маңғыстау облысынан делегация келді. Еңбек мобильділігі орталығы өкілдері Қозыбаев университетінің су жаңа корпусына табан тіреп, материалдық-техникалық базамен танысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Оқу орнында әртүрлі бағыттағы мамандар даярланады. Ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, медицина және тағы да басқалар. Жасалған жағдай таңдай қақтырады.

Шара барысында Қозыбаев университетінің мүмкіндіктері бастан-аяқ айтылды. Жасалған жағдай қонақтардың көңілінен шықты. Олар теріскейге Мағжан сенген жастар көптеп жібергісі келеді.

«Біз студенттермен кездесеміз. Барлығын айтамыз, тамаша мүмкіндіктер барын түсіндіреміз. Шәкіртақы төленеді, керемет жер, жаңа оқу орны, шетелге шығуға мүмкіндік бар. Осыларды жастарға жеткіземіз деді», — деді Маңғыстау облысының еңбек мобильділігі орталығының директоры Ұлбазар Орынбаева.

Бағдарлама ауқымды. Алыстан ат терлетіп жеткен меймандар бұған дейін өңірімізге қоныс аударған жандармен де дидарласады. Ұлбазар Орынбаева өзімен бірге аудан-қалалардағы еңбек мобильділігі орталықтарының директорларын ерте келіпті. Әрқайсысының мақсаты — теріскей тұрғындарының санын арттыру, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау.

Тағы оқыңыз: Петропавлда баспанаға мұқтаж жандарға арналып салынып жатқан 4 көппәтерлі үй биыл қолданысқа беріледі

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *