СҚО-да тұтынушылар тарапынан түскен түскен шағым саны өскен. Жыл басынан бейінді департаментте 350-ге жуық арыз тіркеліпті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау — мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі. Нарықтық экономиканы дамуы, сауданың цифрландырылуы және тұтынушылар тарапынан сұраныстың артуы заңнаманы үздіксіз жетілдіруді талап етеді. Жыл басында Мемлекет басшысы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды.

«Бұрын негізгі жаза ескерту болып табылса, енді заң бұзушылықтар үшін айыппұл санкциялары енгізілді. Айыппұл көлемі жеке тұлғаларға — 5 пен 10 АЕК-тің арасында, шағын бизнеске — 20 АЕК, орта бизнеске — 30 АЕК, ірі бизнеске — 50 АЕК. Одан қалды, жаңартылған нормаларға сәйкес тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті азаматтардың құқықтарын бұзу бойынша істерді қарау құқығын алды», — СҚО бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Ғалымжан Абаев.

Облыста тұтынушы тарапынан түскен шағым саны өскен. Сегіз айдың ішінді бейінде департаментті 350-ге жуық арыз тіркелген.

Шағымдардың қарау нәтижелері 44,3 қанағаттандырылған, 23,7 пайызы құзыретіне сәйкес басқа орғандарға жіберілген. Осы өтініштердің негізінде департамент 18 жоспардан тыс тексеру жүргізген.

Тағы оқыңыз: СҚО-да егіннің 50 пайызға жуығы орылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *