Солтүстік Қазақстан облыстық сотында бірнеше ауыс-түйіс орын алды. ҚР Президентінің 11-ші қазандағы Жарлығы бойынша жаңа судьялар қызметке келді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық сотының судьялары болып Жұмабаева Әлия Мәскенқызы мен Курынова Татьяна Борисовна тағайындалды. Алғаш аталған лауазымды тұлға бұрын кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы болып еңбек етті. Екіншісі болса Шал ақын ауданының ауданарылық сотында жұмыс істеді. Қос азаматша да тәжірибелі маман.

Ал Еганова Елена Владимировна болса облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы болып тағайындалды. Ол бұған дейін Ұлытау облысында еңбек еткен. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы қызметіне Макей Жанар Тоқтасынқызы келді.

«Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Серікжан Ғабдулин судьяларға сәттілік, кәсіби жетістіктер мен сот төрелігін жүзеге асыруда табыстар тіледі. Ол судьяларды тағайындау заңдылық пен әділдік қағидаттарын нығайтудың маңызды қадамы екенін атап өтті», — делінген Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі берген материалда.

Тағы оқыңыз: СҚО-да есірткі саудасын ұйымдастырған ер адам ұсталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *