СҚО шаруалары орташа 18,6 ц/га астық алды

Еліміздің диқандары күзгі дала жұмыстарын аяқтады. Жалпы 26,5 млн тонна астық жиналды, өнімділік өткен жылғы деңгейден асты, деп жазады Qazaqstan Media.

Қазақстанда орақ науқанының аяқталғанын ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында айтты. Айтуынша, биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 23,3 млн гектар алқапқа егіліпті. Оның ішінде 16,7 млн гектары – дәнді және бұршақты дақылдар. 26,5 млн тонна астық бастырылды.

СҚО шаруалары орташа 18,6 ц/га астық алды

«Орташа өнімділік гектарына 16 центнерді құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштерден жоғары. Негізгі астық егетін өңірлердің ішінде Солтүстік Қазақстан облысында жоғары нәтижелер байқалады – 18,6 ц/га. Оңтүстік өңірлерде өнімділік бойынша жоғары көрсеткіштер Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарында байқалады», — деді Айдарбек Сапаров.

Ауыл шаруашылығы министрі шаруалар жауын-шашынға қарамастан айтарлықтай шығынсыз егін жинау науқанын жүргізді деп отыр.

«Жоғары өнімділікке ауа-райының қолайлы жағдайлары және, әрине, агротехнологияларды дұрыс қолдану нәтижесінде, атап айтқанда сапалы тұқымдарды пайдалану, минералды тыңайтқыштарды қолдану және өсімдіктерді тиімді қорғау арқылы қол жеткізілді», — деді министр.

Дәнді дақылдарды жинау аяқталды, жүгері дәнін жинау жалғасуда.

Тағы оқыңыз: Петропавл тұрғыны домбыраның электронды түрін жасап, патенттеп алған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x