Солтүстік Қазақстан облысының шаруалары алдағы қысқа мал азығын дайындау жоспарын орындаған. Бұл туралы еліміздің ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлады, деп жазады Qazaqstan Media.

Елімізде барлығы 37,8 млн тонна мал азығы дайындалған. Оның ішінде: 25,0 млн тоннасы шөп (101,9%), 1,9 млн тоннасы пішендеме (112,9%), 3,9 млн тоннасы құрама жем (71,7%), 2,0 млн тоннасы сүрлем (102,3%), 4,8 млн тоннасы сабан (101,7%). Бұл сандарды министрлікке жергілікті атқарушы органдар берген. 

Жоспардың орындалуы бойынша Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Қостанай, Павлодар облыстары, Ұлытау және Жетісу өңірлері ең жоғары нәтиже көрсеткен. 

«Дайындалған мал азығының көлемі 2025–2026 жылдардағы мал қыстату науқанын қолайлы өткізуге мүмкіндік береді. Мал шаруашылығы кәсіпорындарын тұрақты түрде жем-шөппен қамтамасыз ету үшін қажетті қор жасалды»,- деп хабарлады ҚР АШМ.

Тағы оқыңыз: СҚО-да «Қазақстанның Еңбек ері» Мұрат Қаражұмановқа құрмет көрсетілді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *