СҚО прокурорлары инвесторға көмек көрсетті

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары экологиялық қорытындыны ала алмай жүрген инвесторға көмектесті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Инвестициялық жобаларды қолдау аясында өңір прокурорлары бірталай кәсіпкерлердің проблемасын шешуге көмектескен. Солардың бірі — «TFA GROUP» ЖШС. Кәсіпкер 9,2 млрд теңге инвестиция құйып, Петропавлда керамикалық кірпіш зауытын салмақшы болған.

«Экология департаменті инвесторға зауыт құрылысын «Севказэнерго» АҚ-мен келісу туралы ұсыныспен алдын ала қорытынды ғана берген. Өз кезегінде монополист компания ресми негіздер бойынша құрылыс тәртібін бекітуден бас тартқан. Алайда бұл мақұлдау міндетті емес еді», — деді облыстық прокуратура өкілдері.

Осылайша, іске прокурорлар араласқан соң ғана «TFA GROUP» ЖШС оң экологиялық қорытынды алған.

Тағы оқыңыз: СҚО-да үздік жеті құтқарушының еңбегі еленді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x