Петропавлдық полицейлер үйлердің кіреберісіндегі QR-код бейнеленген фотосуреттердің тарауына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Бүгіндері Петропавлда көптеген үйлердің подъездерінде QR-код бейнеленген парақшалар жапсырылған. Адамдардың айтуынша, оны сканерлеу арқылы аудан мен үйдің Telegram-чатына кіру ұсынылады екен. Осы мәселені тұрғындар қазір қызу талқылап жатыр. Чаттарда ол алаяқтар болуы мүмкін екені де айтылған. Полицейлер осыған қатысты тексеру жүргізіп, хабарландыруда алаяқтық белгілері жоқ екенін анықтады. Дегенмен, тәртіп сақшылары күдікті QR-кодтарды сканерлемеу керектігін ескертеді.

«Мұндай механизмді интернет-алаяқтар қолдануы мүмкін. Олар жалған сайттарға әкелетін, құрылғыға вирус кіргізетін немесе ақшаның ұрлануына жағдай жасайтын QR-кодтарды жасайды. Алаяқтардың арбауына түсіп қалмас үшін сақ болу қажет. Өңір тұрғындары мен қонақтарына күдікті кодтарды сканерлемеуге кеңес береміз», — деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Егіс науқанына дайындық: СҚО шаруалары 17 млрд теңге субсидия алып үлгерді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *