Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері ауа райының қолайсыздығына байланысты жол қозғалысы жағдайын бақылауда ұстап отыр. Олар жүргізушілерге жолда абай болып, сақтық шараларын қатаң сақтау керектігін ескертеді, деп жазады Qazaqstan Media.
Түнгі уақытта ауа температурасының төмендеуі, жаңбыр мен қардың аралас жаууы жол қозғалысын қиындата түсуде. Таңертеңнен бастап облыс жолдарында арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Полицейлер жолдарды тазалау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарын бақылауда.
«Жүргізушілерге уақытылы қысқы дөңгелекке ауыс тырып, әйнек жуу жүйесіне мұздамайтын сұйықтық пайдалану қажет. Мұз қатқан немесе ылғалды асфальтта қозғалыс жылдамдығын барынша төмендетіп, көлікті толық бақылауда ұстау қажет. Барлық маневрлерді барынша бірқалыпты орындау ұсынылады. Рульді күрт бұрудан және жылдамдықты кенет арттырудан аулақ болу керек»,-деп кеңес береді полицейлер.
Тағы оқыңыз: Кезекті жеңіс! «Құлагер» ХК соңғы секундтарда жеңісті жұлып алды

