2024 жылы солтүстікқазақстандық полицейлер қылмыс жасап, жасырынып жүрген 37 азаматты анықтап, ұстаған. Ал биыл қаңтар айында осындай алты қылмыскер анықталды, деп жазады Qazaqstan Media.
Обылыстық полиция департаменті криминалды полция бөлімінің мамандары былтыр түрлі деңгейде қылмыс жасап, жазадан жалтармақ болған 37 азаматты анықтап, ұстады. Оның ішінде 25-і ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандары үшін қашып жүрген.
«Былтыр қараша айында Петропавл қаласындағы көңіл көтеретін орындардың бірінде жаппай төбелес болды. Оның барысында екі адам пышақ жарақатын алды. Осы фактіге қатысты үш бірдей адамға іздеу жарияланған болатын. Бір жігіт облыс аудандарының бірінде ұсталды. Екіншісі жазадан құтылмайтынын біліп, полицияға кінәсін мойындап өзі келді»,- дейді СҚО ПД баспасөз қызметі.
Ал іздеуде болған үшінші, 21 жастағы петропавлдықты полицейлер Астана қаласында 20-шы желтоқсанда жалдамалы пәтерде ұстады. Оның жүрген жерін анықтау үшін жергілікті тәртіп сақшылары астаналық әріптестері және ҚР ІІМ орталық аппараты мамандарымен бірлесіп жұмыс істеген. Қазіргі кезде бұл іс бойынша материалдар сотқа жолданған.
Тағы оқыңыз: ҚҚС: бюджеттің кірісін арттыру ғана емес, шығыстарды да азайтады