Полицейлер Астана-Петропавл автожолында бір тоннадан астам алкогольдік өнімді тіркіледі. Оны петропавлдық ГАЗель көлігімен заңсыз тасымалдаған, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасына контрафактілік алкогольдің көп мөлшердегі заңсыз айналымы туралы ақпарат келіп түсті. Полицейлер мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, Қызылжар ауданының аумағындағы Астана — Петропавл автожолында ГАЗель автокөлігін ұстады. Көліктен құрамында спирті бар өнімі бар көлемі 0,5 литр болатын 70 бес литрлік бөтелке мен 2680 бөтелке тәркіленді. Машинаны 49 жастағы ер адам басқарған.
«Аталған факт бойынша материалдар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына берілді. Тәркіленген өнімнің жалпы көлемі 1 690 литрді құрады. Иесінің ішімдікке құжаттары болмаған»,- деп атап өтті СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасында.
Тағы оқыңыз: СҚО-да 50 тонна тұқым су астында қалды