Солтүстік Қазақстан полицейлері бірінші қарашаға дейін аулалар мен пәтерлерді аралайтын болады. Олар 16-шы қыркүйектен «Учаске» іс-шарасын өткізіп жатыр, деп жазады Qazaqstan Mediа.
Облыстың учаскелік полиция инспекторлары 46 күндік профилактикалық іс-шараны бастады. Оның аясында инспекторлар байланыс нөмірлері бар визиттік карточкаларды таратып, мессенджерлерде тұрғындардың ортақ чаттарына қосылуда. Осыған байланысты облыстық және қалалық полиция басшылығы қала тұрғындары мен қонақтарын аулаларды және пәтерлерді аралауға түсіністікпен қарауға, сондай-ақ ІІО қызметкерлеріне барынша көмек көрсетуге шақырады. Күдікті адамдар туралы полицияға хабарлау қажет. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары түрмеден шартты түрде босап шыққандарды да тексеруде.
«Учаске» жедел алдын алу іс-шарасының бірінші күні сағат 21:00-ден 00:00-ге дейін облыс орталығының аумағында шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған сотталғандарға тексеру жүргізілді. 180-нен астам адам тексерілді. Олардың 59-ы – шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдар. Жедел алдын алу іс-шарасы 1 қарашаға дейін жалғасады», – деп атап өтті Петропавл қалалық ПБ бастығының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллин.
Тағы оқыңыз: Референдумға QR коды бар шақырту қағаздары таратылады