СҚО ормандарында өрт қауіпсіздігін сақтамағандар1 млн теңге айыппұл төледі

СҚО-да 2024 жылы ормандарда өрт тіркелмеген. Десе де, өрт қауіпсізідігі ережесін сақтамаған орман күзетінің қызметкерлері айыппұл арқалады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Солтүстiк Қазақстан облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы 2024 жылғы өрт қауіпті маусымының қорытындысын шығарды. Мамандар рейдтік шараларды күшейтіп, түсіндіру жұмастарын жүргізген. Салдарынан биыл жазда мемлекеттік орман қорында өрт тіркелмеген. Барлығы ормандарда 1015 рейд жүргізіліпті.

«Орман қорына қауіп төндіретін жеті өрт тіркеліп,  жойылды және уақтылы оқшауланды. Мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 38 хаттама толтырды. 1 млн теңге айыппұл салынып, өндіріліп алынды», — деп жазылған басқарма берген ақпаратта.

2024 жылы орман өртінің алдын алу үшін 984,5 км минералданған жолақтар жасалды, 25 456 км минералданған жолақтарға күтім жүргізілді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да «Серпін» бағдарламасымен оқыған жастар жұмысқа орналаса алмай жүр

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *